Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 108 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі "2019 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелер туралы" № 88/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6291 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Батановқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бакауов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы вице-министрі | |
2019 жылғы "18" қыркүйек |
Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы "04" қыркүйектегі № 260/2 қаулысына қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы "8" сәуірдегі № 88/2 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал
шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау
бағыттары бойынша 2019 жылға арналған субсидиялар көлемдері
Р/с № | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлем (бас, килограмм, дана, доза) | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
1. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 55 000 | 550 000 |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы * | 20 000 | 17 500 | 350 000 | |
3. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 65 | 6 500 |
4. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 1 877 | 281 550 |
5. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу* | 225 000 | 1 177 | 264 825 | |
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тірідей салмағы, килограмм | 200 | 750 000 | 150 000 |
7. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағы, килограмм | 200 | 250 000 | 50 000 |
Барлық сомасы | 1 652 875 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | |||||
8. | Бір жынысты | сатып алынған доза | 10 000 | 1 000 | 10 000 |
9. | Қос жынысты | 5 000 | 3 000 | 15 000 | |
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||
10. | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 150 000 | 400 | 60 000 |
11. | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген * | 225 000 | 840 | 189 000 | |
Сүт өндіру құнын арзандату: | |||||
12. | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 35 | 24 300 000 | 850 500 |
13. | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 20 | 3 000 000 | 60 000 | |
14. | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 10 | 2 959 717 | 29 597,17 | |
15. | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 10 | 2 500 000 | 25 000 | |
16. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 5 000 | 5 000 | 25 000 |
17. | Эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | бас | 80 000 | 52 | 4 160 |
18. | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату */** | бас | 120 000 | 5 000 | 600 000 |
Барлық сомасы | 1 868 257,17 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
Құс етін өндіру құнын арзандату | |||||
19. | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 50 | 4 520 000 | 226 000 |
Барлық сомасы | 226 000 | ||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату: | |||||
20. | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,2 | 127 300 000 | 280 060 |
21. | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 2 | 19 417 433 | 38 834,866 | |
Барлық сомасы | 318 894,866 | ||||
Шошқа шаруашылығы | |||||
22. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу * | бас/шағылысу маусымы | 40 000 | 6 798 | 271 920 |
Барлық сомасы | 271 920 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
23. | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылысу маусымы | 2 500 | 6 000 | 15 000 |
24. | Қойлардың тауарлық аналық басы | 1 500 | 30 000 | 45 000 | |
25. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 8 000 | 539 | 4 312 |
26. | Қозы өткізу құнын арзандату | өткізілген бас | 3 000 | 2 000 | 6 000 |
Барлық сомасы | 70 312 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
27. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 132 | 13 200 |
28. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 100 000 | 6 000 |
Барлық сомасы | 19 200 | ||||
2018 жылы мақұлданған өтінімдер *** | |||||
Шошқа етін өндіру құнын арзандату: | |||||
29. | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | килограмм | 100 | 1 990 159,64 | 199 015,964 |
Барлық сомасы | 199 015,964 | ||||
Барлығы | 4 626 475 |
Ескертпе:
* - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50%-ға дейін және мал азығын субсидиялау бойынша 100 %-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі;
** - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінгенде;
*** - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 21-тармағына сәйкес, осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін алдыңғы жылы мақұлданған, бірақ қаражаттың болмауы себепті төленбеген өтінімдер 2019 жылғы бюджет қаражатынан басым тәртіппен төленуі тиіс.
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚШ - Америка Құрама Штаттары;
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.