Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 359 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы "2019 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 290/38 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6233 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармағында "жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке" деген сөздер "жүз еселік айлық есептік көрсеткішке" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ғ. Әмірханова |
Қалалық мәслихат хатшысы | М. Омарғалиев |