Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 220/26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 наурыздағы № 336/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 наурызда № 6271 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 79/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 13.10.2023 № 79/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 220/26 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5860 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 ақпанда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:

      2-тармақта:

      9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – Екібастұз қаласының әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі;";

      8-тармақта:

      6-5) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6-5) санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;";

      7) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7) студенттерге, атап айтқанда:

      7-1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында және Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысына әлеуметтік көмекті алушы студенттерге;

      7-2) Екібастұз қаласының колледждерінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім-балалар қатарындағы студенттерге;";

      9-2) тармақшасы алып тасталынсын;

      9-тармақта:

      2-4) тармақшадағы "10" саны "15" санымен ауыстырылсын;

      2-5) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2-5) 8 тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында сондай-ақ, Екібастұз қаласының колледждерінде нақты оқу ақысын төлеуге, уәкілетті органның тізімі, білім беру қызметтерін көрсетуге арналған Екібастұз қаласының әкімі, жоғары оқу орны немесе колледж басшысының және студенттің қолдары қойылған үш жақты шарт негізінде;";

      2-7) тармақшасы алып тасталынсын;

      3-3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3-3) 8 тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуы мерзімінде тұруына, тамақтануына және тұрғылықты жеріне жол жүруіне 15235 теңге көлемінде, Екібастұз қаласының колледждерінде (тек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім-балаларға) 12188 теңге көлемінде уәкілетті органның тізімі негізінде;";

      3-4) тармақшасы алып тасталынсын;

      3-5) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3-5) 8-тармақтың 7-2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, оқу кезеңінде қалаішілік жолаушылар көлігінде жол жүруге толық жол жүру билеті құнының 50 пайыз мөлшерінде, өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, туу туралы куәлік, ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігі, қорғаншы белгілеу туралы қаулы (ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар үшін), оқу орнынан анықтама, екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірі негізінде;";

      3-7) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3-7) 8-тармақтың 8-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, амбулаториялық емделу кезеңінде 7 АЕК мөлшерінде Екібастұз қалалық емханалармен ұсынылған тізімнің негізінде;";

      3-8) тармақшасы алып тасталынсын;

      3-9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3-9) 8-тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті органның тізімі негізінде, Екібастұз қаласының қала ішілік жолаушылар көлігімен жүруге (аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан студенттерге) толық жол жүру билетінің 50 пайыз мөлшерінде;";

      10-тармақта:

      1-1) тармақшасы алып тасталынсын;

      1-3) тармақшадағы "10" саны "15" санымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      қалалық мәслихат хатшысы Б. Куспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады