2019 жылға арналған Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 3 мамырдағы № 345/42 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 6368 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" №72 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы жүз айлық есептік көрсеткіш сомасына тең көтерме жәрдемақы берілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 28.08.2019 № 376/47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш сомасынан жоғары емес бюджеттік кредит берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқаенгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Ищенко
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Куспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады