Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Х. А. Хабылбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | Н. Ашимбетов |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "22" мамырдағы № 456/5 қаулысына қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Алаңы, гектар | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамы | 0,4929 | Солтүстік ӨДО (өңірлік диспетчерлік орталық) – Экибастузская 220 (Екібастұз қаласы) байланыс желілерін төсеу үшін | 3 | Екібастұз қаласы, Қазбек Нұралин көшесінің бойында орналасқан, Степная көшесінің қиылысынан Экибастузская 220 қосалқы стансасына дейін |