2020 жылға арналған Ақтоғай ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 304 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 6641 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңынын 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. 2020 жылға арналған ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі К. Арынов

  Ақтоғай ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы "26" қарашадағы
№ 304 қаулысына
1-қосымша

2020 жылға арналған Ақтоғай ауданының ұйымдарында
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Актогай-АГРО" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

210

1

2

2

"Ақтоғай ауданы әкімдігі, Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің "Ақтоғай-Сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

97

1

1

  Ақтоғай ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы "26" қарашадағы
№ 304 қаулысына
2-қосымша

2020 жылға арналған Ақтоғай ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Актогай-АГРО" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

210

1

2

2

"Ақтоғай ауданы әкімдігі, Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің "Ақтоғай-Сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

97

1

1

3

"Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

151

1

2

4

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

210

1

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады