Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квотасы:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарында, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмысқа орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарында, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмысқа орналастыру үшін 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғожинов |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "19" сәуірдегі № 110/3 қаулысына 1-қосымша |
2019 жылға Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы
№ р/с | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны(бірлік) |
1 | "Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 215 | 1% | 2 |
2 | "Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 152 | 1% | 2 |
3 | "УРАЗБАЕВ" шаруа қожалығы | 55 | 1% | 1 |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "19" сәуірдегі № 110/3 қаулысына 2-қосымша |
2019 жылға Ертіс ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы
№ р/с | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 215 | 1% | 2 |
2 | "Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 152 | 1% | 2 |
3 | "УРАЗБАЕВ" шаруа қожалығы | 55 | 1% | 1 |