Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Н. А. Мақашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Әйткенов |
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "1" шілдедегі № 198/3 қаулысына қосымша |
Тереңкөл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 62/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған).
2. Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы "Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 62/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 212/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5204 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Качир ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы "Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 62/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 14 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы "Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 62/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 492/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6190 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).