Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 62/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 14 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5365 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 198/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 01.07.2019 № 198/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 62/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурыздағы "Тереңкөл тынысы", "Заря" № 11 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің орынбасары Қ.Н. Едрішеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев

  Качир ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "23" қаңтардағы
№ 14 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу
бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

№ р/с

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады