Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 62/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 наурызда № 4995 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 198/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 01.07.2019 № 198/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының барлық мәтіні бойынша:
      "Качир ауданының", "Качир ауданы" сөздері "Тереңкөл ауданының", "Тереңкөл ауданы" деген сөздерімен ауыстырылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 24.12.2018 № 492/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Тереңкөл ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "11" наурыздағы
№ 62/3 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу
бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 24.12.2018 № 492/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/с

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Тапсырыс берушілер бастамасы бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен асатын, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса конкурс (аукцион) тәсілімен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алулар

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады