Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 62/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 492/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 6190 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 198/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 01.07.2019 № 198/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 62/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурыздағы "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының барлық мәтіні бойынша "Качир ауданының", "Качир ауданы" сөздері "Тереңкөл ауданының", "Тереңкөл ауданы" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Қ. Н. Едрішеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев

  Тереңкөл ауданы
әкімдігінің 2018
жылғы "24" желтоқсандағы
№ 492/11 қаулысына
қосымша
  Качир ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "11" наурыздағы
№ 62/2 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу
бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

№ р/с

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Тапсырыс берушілер бастамасы бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен асатын, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса конкурс (аукцион) тәсілімен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алулар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады