Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 01.07.2019 № 198/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 62/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурыздағы "Тереңкөл тынысы", "Заря" № 11 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің орынбасары Қ.Н. Едрішеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Балғабаев |
Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "8" тамыздағы № 212/7 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы
орындалатын бюджеттік бағдарламалар және
тауарлар, жұмыстар, қызметтер
№ р/с | Атауы |
1 | Ауданның жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар |
2 | Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы он мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, ауданның тапсырыс берушілерінің бастамасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар |
3 | Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, конкурс (аукцион) тәсілімен "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар |