Тереңкөл ауданы Песчан ауылдық округі Песчан ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Песчан ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 шілдеде № 6486 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Песчан ауылдык округі Песчан ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Песчан ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданы Песчан ауылдық округі Песчан ауылының келесі көшелері:

      "Чапаев" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып;

      "60 лет КазССР" көшесі "Бірлік" көшесі болып;

      "Фрунзе" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Песчан ауылдық
      округінің әкімі А. Дүйсембаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады