Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Май ауданының ұйымдарында 2019 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 142/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 мамырда № 6363 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Май ауданының ұйымдарында 2019 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ақтаев

  Май ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" мамырдағы
№ 142/5 қаулысына
қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Май ауданының ұйымдарында
2019 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін квота көлемі (%)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

Май ауданы әкімдігі Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

73

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады