Май ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 144/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 мамырда № 6376 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Қ. Құсайыноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ақтаев

  Май ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "16" мамырдағы
№ 144/5 қаулысына
қосымша

Май ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Р/с №

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Бір тәрбиеленушіге бір айлық орта шығын құны кем дегенде (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың айына төлемақы мөлшері (теңге)

1

2

3

4

5

1

Май ауданы әкімдігінің Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының "Ақбота бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

200

39787

1 жастан 3 жасқа дейін – 8140;
3 жастан 7 жасқа дейін –8580

2

Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының "Қарлығаш бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

50

50953

1 жастан 3 жасқа дейін – 7000;
3 жастан 7 жасқа дейін –7400

3

Май ауданы әкімдігінің Қаратерек селолық округі әкімі аппаратының "Балбөбек бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

70

31820

1 жастан 3 жасқа дейін – 6000;
3 жастан 7 жасқа дейін – 6800

4

Май ауданы әкімдігінің, Саты селолық округі әкімі аппаратының "Әйгерім бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

20

68079

1 жастан 3 жасқа дейін – 6800;
3 жастан 7 жасқа дейін – 7300

5

Май ауданы әкімдігінің,
Май селолық округі әкімі аппаратының "Балдырған бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

50

41487

1 жастан 3 жасқа дейін – 6600;
3 жастан 7 жасқа дейін - 7000

6

"Ақшиман жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

30

14442

1 жастан 7 жасқа дейін – 7500

7

"Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

37

17919

1 жастан 7 жасқа дейін – 7500

8

"Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

23

15496

2 жастан 7 жасқа дейін – 7000

9

"Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі

24

16771

1 жастан 7 жасқа дейін – 7000

10

"Қазаң жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

20

57646

1 жастан 7 жасқа дейін – 6500

11

"Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

22

16424

1 жастан 3 жасқа дейін – 6000;
3 жастан 7 жасқа дейін – 6800

12

"Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей- мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

27

18821

1 жастан 3 жасқа дейін – 3000;
3 жастан 7 жасқа дейін – 7000

13

"Саты жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

12

75347

1 жастан 7 жасқа дейін – 6500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады