Шектеу іс-шараларын тоқтату және Май ауданы Ақшиман селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 қаңтардағы "Май ауданы Ақшиман селолық округінде орналасқан "Ақжар Өндіріс" Агрофирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Разведка" қыстағының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 наурызда № 6277 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 1-14/731 ұсынысы негізінде, Ақшиман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Ақшиман селолық округінде орналасқан "Ақжар Өндіріс" Агрофирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Разведка" қыстағының аумағында ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Май ауданы Ақшиман селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 қаңтардағы "Май ауданы Ақшиман селолық округінде орналасқан "Ақжар Өндіріс" Агрофирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Разведка" қыстағының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5847 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 ақпанда "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақшиман ауылдық
      округінің әкімі Қ. Бакауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Май аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жумабаев
      2019 жылғы "27" наурыз
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Май ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Ахметов
      2019 жылғы "27" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады