Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" № 30/227 шешiмiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы № 53/240 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 6365 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3734 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Заман тынысы", "Нива" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешiммен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:

      9-тармақтың 2-2), 2-3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-2) Ауғанстандағы әскері іс-қимылдарға қатысқан адамдар;";

      "2-3) Чернобыль атом электростанциясындағы аварияны, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі аварияны жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;";

      9-тармақта 3-1) тармақшасы алынып тасталсын;

      9-тармақ келесі мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар.";

      10-тармақтың 2-12) тармақшасында "3000 теңге мөлшерінде" сөздері мен сандары "3 (үш) АЕК мөлшерінде" сөздері мен санмен ауыстырылсын";

      10-тармақтың 4-5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-5) 9-тармақтың 6-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін амбулаторлық емделу кезеңінде (алты айдан артық емес) тамақтануға Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының поликлиникасы" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;";

      10-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) 9-тармақтың 7-3), 15) тармақшаларында көрсетілген санаттарға табыстарын ескере отырып:

      7-1) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Павлодар қаласының колледждерінде (ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектептерінің мемлекеттік білім грантын тағайындау жөніндегі конкурстан өтпеген түлектері) оқу үшін төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде бір рет;

      7-2) оқу кезеңінде тұрғылықты жерде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне бару үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде ай сайын көрсетіледі;

      7-3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды іске асыратын ұйымдардың тізімдері негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың ақы төлеу сомасын нақты шығындар бойынша өтеуге ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысы А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады