Успен ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 157/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 маусымда № 6399 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабының 4, 5-тармақтарына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері келесі маршруттар бойынша белгіленсін:

      1) "Дмитриев - Қоңырөзек - Успен" - 450 (төрт жүз елу) теңге көлемінде;

      2) "Надаров - Вознесен - Чистополь - Успен" - 550 (бес жүз елу) теңге көлемінде;

      3) "Тимирязев - Ольхов - Успен" - 500 (бес жүз) теңге көлемінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушысы Қ. Абушахманов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Успен аудандық
      мәслихатының хатшысы Р. Бечелова
      2019 жылғы "20" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады