Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданы әкімдігінің қарамағындағы жер учаскесінде жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Дычко |
Успен ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 289/10 қаулысына қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Алаңы, гектар | Ұзындығы, метрмен | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы | 2,3 | 24100 | Талшықты-оптикалық байланыс желісін орналастыру және қызмет көрсету үшін | 1 | Лозов ауылдық округі |