Успен ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 308/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 6606 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Успен ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің орынбасары А. А. Дисюповаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Дычко

  Успен ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 04 қарашадағы
№ 308/11 қаулысына
қосымша

Успен ауданының ұйымдарында 2020 жылға арналған
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымдардың атауы

Жұмыскеркердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан % )

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Галицкое Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

185

1

2

2

Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

181

1

2

3

"Галицкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

240

1

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады