2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 350/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қарашада № 6619 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Неғмановаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Абеуов

  Шарбақты ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "4" қарашадағы
№ 350/8 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"ШЫҒЫС ЖОЛДАРЫ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

64

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады