Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.04.2022 № 2/153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялаудың келесі мөлшерлері белгіленсін:
80 000 теңгеге дейін – жалақының белгіленген мөлшерінен 35% мөлшерінде, бірақ айына ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс;
80 001 теңгеден жоғары – жалақының белгіленген мөлшерінен 80% мөлшерінде, бірақ айына ең төменгі бір жарым жалақы мөлшерінен аспауы тиіс.
2. Алматы қаласы әкімдігінің "Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін белгілеу туралы" 2017 жылғы 23 қазандағы № 4/432 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1421 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |