"Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 362 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қаңтарда № 5184 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 29 шілде 2019 жыл № 211 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 29.07.2019 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 362 қаулысына (2015 жылғы 25 қараша "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3433 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген "Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      барлық мәтін бойынша "халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" филиалымен" деген сөздері сәйкесінше "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен", "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      барлық мәтін бойынша "халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" филиалымен" деген сөздері сәйкесінше "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен", "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "8" қаңтары № 3 қаулысына 1-қосымша
  "Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушілер

Уәкілетті органдардың атауы

Орналасқан жері

Жұмыс кестесі:

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы,
Парк көшесі, 57 В

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00 - ден 18.30 - ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 - ден 14.30 - ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Айыртау ауданы,
Саумалкөл ауылы,
Достық көшесі,15

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақжар ауданы,
Талшық ауылы,
Целинная көшесі, 13

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аққайың ауданы,
Смирнов ауылы,
Народная көшесі, 37

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы,
Явленка ауылы,
Қизатов көшесі, 96

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл ауданы,
Преснов ауылы,
Дружба көшесі, 6

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мағжан Жұмабаев ауданы,
Булаев қаласы,
Пионерская көшесі, 2а

"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылжар ауданы,
Бескөл ауылы,
Институтская көшесі, 1

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мамлют ауданы,
Мамлют қаласы,
А. Құнанбаев көшесі, 5

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,
Новоишим ауылы,
Абылай хан көшесі, 28

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тайынша ауданы,
Тайынша қаласы,
Қазақстан Конституциясы көшесі, 197

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тимирязев ауданы,
Тимирязев ауылы,
Шоқан Уәлиханов көшесі, 1

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Уәлиханов ауданы,
Кішкенекөл ауылы,
Жамбыл көшесі, 76

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шал ақын ауданы,
Сергеевка қаласы,
Победа көшесі, 35

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "8" қаңтары № 3 қаулысына 2-қосымша
  "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол- құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады