Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 136 "2019 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 232 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қыркүйекте № 5570 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 болып тіркелді) бекітілген Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 136 "2019 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" қаулысына (2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5416 болып тіркелді) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 2019 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормалары:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес 363, 364 және 365 жолдарымен толықтырылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      облыс әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "__" _______ № ___ қаулысына қосымша


Имазамокс, 330 грамм/килограмм + имазапир, 150 грамм/килограмм

363

Паладин ультра, сулы-дисперленген түйіршіктер

килограмм

70 000,0


Имазамокс, 700 грамм/килограмм

364

Паладин, сулы-дисперленген түйіршіктер

килограмм

160 000,0


Клопиралид 500 грамм/килограмм + амидосульфурон 250 грамм/килограмм

365

Спирит форте, сулы-дисперленген түйіршіктер

килограмм

27 400,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады