Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 "Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (2017 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4177 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларындағы:
15-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"15. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру Қағидаларына сәйкес орналастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18562 болып тіркелді).".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |