Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.12.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 4 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қазанда жарияланған, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4915 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 және 2 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
В. Витченко |
Петропавл қалалық мәслихатының хатшысы |
А.Бердағұлов |
Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 29 наурыздағы № 1 шешіміне № 1 қосымша |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жиналатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 2,07 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,2 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,8 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,2 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,2 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,4 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,5 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек орын | 3,7 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,2 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,3 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары | 1 отыратын орын | 0,4 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы ауданы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,004 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы ауданы 1 м2 | 0,009 |
14 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1 м2 | 0,6 |
15 | Машиналардан сату | сауда алаңы 1 м2 | 0 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,2 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы ауданы 1 м2 | 0,1 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы ауданы 1 м2 | 0,02 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы ауданы 1 м2 | 0,8 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы ауданы 1 м2 | 0,9 |
22 | Жағажайлар | жалпы ауданы 1 м2 | 0,1 |
23 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,02 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина орны | 3,4 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 5,4 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,2 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы ауданы 1 м2 | 0,1 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы ауданы 1 м2 | 0,1 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 2,1 |
31 | Моншалар, сауналар | жалпы ауданы 1 м2 | 0,1 |
32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 35,9 |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0 |
* Ескертпе:
м2 - шаршы метр;
м3 - текше метр.
Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 29 наурыздағы № 1 шешіміне № 2 қосымша |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтері
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Бағасы, теңге |
1 | Жеке тұлғалар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету үшін тарифтері | ||
1.1 | жайлы үйлер | айына 1 адамға | 220 |
1.2 | жайлы емес үйлер | айына 1 адамға | 234 |
2 | Заңды тұлғалар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету үшін тарифі | 1 текше метрге | 2530 |
3 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифі | 1 тоннаға | 1153 |