Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 08-02/318 ұсынысы негізінде Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің Степное ауылында орналасқан "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылық фермалар аумағында ірі қара мал туберкулезіне қарсы іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шағалалы ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринариялық режимін белгілеу туралы" 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 16 (2018 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5065 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Г. Добромирова |