Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжар аудандық мәслихатының "2019-2021 жылдарға арналған Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 35-8 шешіміне (2019 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі 1 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2019-2021 жылдарға арналған Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 33 835,9 мың теңге:
салықтық түсімдер – 20 071 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 237,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 13 527 мың теңге;";
шешімнің орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Көпеев |
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаттың хатшысы |
А.Хоршат |