Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Рузаев ауылдық округі Рузаевка ауылының "Корель" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атыңдағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 18 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 наурызда № 5246 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 08-08/65 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Рузаев ауылдық округі Рузаевка ауылының "Корель" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Рузаев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 48 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4994 тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашасыңда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрінде жарияланған).

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өз қолыма қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Ауылдық округінің әкімі С. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады