Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 5343 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 2/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 01.02.2021 № 2/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97- бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 03.04.2020 № 47/296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрайымы,
мәслихатының хатшысы
А.Бектасова

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 шешіміне 1 - қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Есіл ауданы аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

      Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстардың, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерінің, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 18.11.2019 № 43/256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 03.04.2020 № 47/296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады (бұдан әрі - уәкілетті орган).

      3. Тұрғын үй көмегі Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 18.11.2019 № 43/256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 18.11.2019 № 43/256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      6. Өтініштерді қабылдау, құжаттардың тізімі және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелді) "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдың басынан ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2. Тұрғын үй көмегін төлеу мөлшері

      8. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау келесі нормаларға сәйкес жүргізіледі:

      1) компенсациялық шаралармен қамтылатын тұрғын үй-жайдың ауданы әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме қабылданады;

      2) есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормалар мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша жүргізіледі.

      Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 18.11.2019 № 43/256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы алушыларға есептелген сомаларды дербес шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 шешіміне 2 - қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 (2012 жылғы 21 желтоқсанда аудандық "Есіл таңы" газетінде, 2012 жылғы 28 желтоқсанда аудандық "Ишим" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1986 болып тіркелді) шешімі.

      2. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы" Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 14/82 (2013 жылғы 24 мамырда аудандық "Есіл таңы" және "Ишим" газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2273 болып тіркелді) шешімі.

      3. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы" Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 6 қарашадағы № 22/138 (2013 жылғы 20 желтоқсанда аудандық "Есіл таңы" және "Ишим" газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2412 болып тіркелді) шешімі.

      4. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 44/279 (2015 жылғы 30 қазанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 болып тіркелді) шешімі.

      5. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 шілдедегі № 18/85 (2017 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4289 болып тіркелді) шешімі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области

Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 12 апреля 2019 года № 5343. Утратило силу решением маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 1 февраля 2021 года № 2/9

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Есильского района СевероКазахстанской области от 01.02.2021 № 2/9 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" маслихат Есильского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 03.04.2020 № 47/296 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
секретарь маслихата
Есильского района
Северо-Казахстанской области
А.Бектасова

  Приложение 1 к решению маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Есильского района, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      1) расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      3) расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 10 (десяти) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 18.11.2019 № 43/256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); в редакции решения маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 03.04.2020 № 47/296 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акиматаЕсильского района Северо-Казахстанской области" (далее - уполномоченный орган).

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг и счетам о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим на территории Есильского района.

      Сноска. Пункт 3 в редакции решения маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 18.11.2019 № 43/256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) или на веб–портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      Сноска. Пункт 4 в редакции решения маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 18.11.2019 № 43/256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.

      При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      В случае представления неполного пакета документов, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.

      Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      6. Прием заявлений, перечень документов и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется согласно стандарту государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденного приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11015).

      7. Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал.

2. Размер оказания жилищной помощи

      8. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии с нижеследующими нормами:

      1) площадь жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами принимается в размере не менее пятнадцати квадратных метров и не более восемнадцати квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      2) норма потребления коммунальных услуг, обеспечиваемых, компенсационными мерами для потребителей, не имеющих приборов учета, устанавливается в соответствии с действующим законодательством.

      Если нормы и тарифы на расходы не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг и счетам о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума.

      Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным решением маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 18.11.2019 № 43/256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок выплаты жилищной помощи

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета заявителей.

  Приложение 2 к решению маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219

Перечень утративших силу некоторых решений маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области

      1. Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг" от 8 ноября 2012 года № 10/50 (опубликовано 21 декабря 2012 года в районной газете "Есіл таңы", 28 декабря 2012 года в районной газете "Ишим", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1986).

      2. Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области "О внесении изменений в решение маслихата Есильского района от 8 ноября 2012 года № 10/50 "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг" от 28 марта 2013 года № 14/82 (опубликовано 24 мая 2013 года в районных газетах "Есіл таңы" и "Ишим", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2273).

      3. Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области "О внесении изменений в решение маслихата Есильского района от 8 ноября 2012 года № 10/50 "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг" от 6 ноября 2013 года № 22/138 (опубликовано 20 декабря 2013 года в районных газетах "Есіл таңы" и "Ишим", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2412).

      4. Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области "О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 8 ноября 2012 года № 10/50 "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг" от 22 сентября 2015 года № 44/279 (опубликовано 30 октября 2015 года в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3419).

      5. Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области "О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 8 ноября 2012 года № 10/50 "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг" от 24 июля 2017 года № 18/85 (опубликовано 22 августа 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4289).