"Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 шілдедегі № 18/85 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 тамызда № 4289 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 03.04.2019 № 38/219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1986 нөмірімен 2012 жылғы 21 желтоқсанында тіркелген, 2012 жылғы 21 желтоқсанында "Есіл таңы" газетінде, 2012 жылғы 28 желтоқсанында "Ишим" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасында:

      2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып айқындалды.";

      5 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
сессия төрағасы
А.Жолтабаров
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А.Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады