Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы N 10/50 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 желтоқсанда N 1986 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 03.04.2019 № 38/219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 28.03.2013 N 14/82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 28.03.2013 N 14/82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсынудың қоса ұсынылған Қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 28.03.2013 N 14/82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері туралы" аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 14 қазандағы № 141 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 8 қарашасында № 13-6-15 тіркелген, 2005 жылғы 16 желтоқсандағы № 54 (8242) "Есіл таңы" аудандық газетінде, 2005 жылғы 16 желтоқсандағы № 54 (8238) "Ишим" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
сессия төрағасы
О. Қоңқабаев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
Т. Мұқашев
      Келісілді 2012 жылғы 8 қараша
"Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Т. Бұжұқаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 10/50 шешімімен бекітілді

Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 28.03.2013 N 14/82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеуге;

      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына.

      Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеу сомасының, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң қатынасы отбасының (азаматтың) тұтас кiрiсiне Есіл ауданының тұрғындары үшін 10 пайыз мөлшерінде белгіленедіі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 22.09.2015 N 44/279 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып айқындалды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 24.07.2017 № 18/85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Жеке меншiгiнде бiрден артық тұрғын үйі (пәтерi, үйі) бар отбасылар, немесе тұрғын үйдi немесе автокөлік нысандарын жалға берушiлер тұрғын үй көмегiн алуға құқығын жоғалтады.

      4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.

      Барлық санаттағы мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, күндiзгi оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, уәкiлеттi органдар ұсынған жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсiби даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлген күннен бастап, оның отбасына тұрғын үй көмегі қайта қалпына келтіріледі.

      2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) (бұдан әрi - өтiнiш берушi) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) өтініш береді және мынадай құжаттар ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 22.09.2015 N 44/279 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      9) - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 22.09.2015 N 44/279 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 06.11.2013 N 22/138; 22.09.2015 N 44/279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.07.2017 № 18/85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      6. Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк он күннiң iшiнде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тартқандығы туралы шешiм қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.

      7. Коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiнiң тарифтерiн және нормаларын қызмет берушiлер ұсынады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      8. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (№ 7412 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 471 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4. Қаржыландыру және төлеу

      9. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру ауданның бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      10. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады