"Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы" Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы N 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы N 14/82 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда N 2273 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 03.04.2019 № 38/219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 1986 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 21 желтоқсанында "Есіл таңы" аудандық газетінде, 2012 жылдың 28 желтоқсанында "Ишим" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тілінде өзгеріссіз қалсын:

      "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы";

      шешімнің кіріспесі мемлекеттік тілде жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тілінде өзгеріссіз қалсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";

      шешімнің 1-тармағы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тілінде өзгеріссіз қалсын:

      "1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсынудың қоса ұсынылған Қағидасы бекітілсін";

      аталған шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесінде (бұдан әрі Ереже):

      Ереженің тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда баяндалсын, Ереженің тақырыбы орыс тілінде өзгеріссіз қалсын:

      "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Есіл ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы Н. Плетнев
      Солтүстік Қазақстан облысының
      Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
Т. Мұқашев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Т. Бұжұқаев
      2013 жылғы 28 наурыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады