Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 34/197 "2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 43/255 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 5653 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-7 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының "2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 34/197 (2019 жылғы 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5198 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер 18 492 мың теңге;

      салықтық түсімдер 7 437 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер 0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;

      трансферттер түсімі 11 055 мың теңге;

      2) шығындар 18 780,3 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу 0 мың теңге;

      бюджеттік кредиттер 0 мыңтеңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу 0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

      қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) -288,3 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 288,3 мың теңге;

      қарыздар түсімі 0 мың теңге;

      қарыздарды өтеу 0 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 288,3мың теңге;

      1-2 тармақтың 1 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1-2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің 2019 жылға арналған бюджетінде ең төменгі еңбекақы төлемі көлемінің өзгеруіне байланысты республикалық бюджеттен, Покровка ауылдық округінің бюджетіне азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күтілетін ұйымдар жұмысшыларының, қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының жекелеген санаттарының еңбекақы төлемдерін арттыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі 580 мың теңге сомасында қарастырылсын.";

      1-4 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "1-4. 2019 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен, ауылдық округтердің бюджетіне әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 886 мың теңге сомасында қарастырылсын.";

      аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
А.Жолтабаров
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы
А.Бектасова

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 43/255 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсан № 34/197 шешіміне 1 қосымша

2019 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

2019 жыл сомасы (мың теңге)




1) Кірістер

18 492

1



Салықтық түсімдер

7 437


01


Табыс салығы

1 959



2

Жеке табыс салығы

1 959


04


Меншiкке салынатын салықтар

5 478



1

Мүлікке салынатын салықтар

48



3

Жер салығы

560



4

Көлік құралдарына салынатын салық

4870

4



Трансферттердің түсімдері

11 055


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

11 055



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

11 055

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

Бағдарлама

Атауы

2019 жыл сомасы (мың теңге)




2) Шығындар

18 780,3

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

15 693


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

15 693



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

15 693

07



Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық

2 799


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2 799



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

2 523



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

276




3) Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4) Қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржылық активтерді сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5) Бюджет тапшылығы (профициті)

-288,3




6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

288,3




Қарыздар түсімдері

0




Қарыздарды өтеу

0

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

288,3


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

288,3



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

288,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады