"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 279 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 5744 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына (2019 жылғы 2 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5267 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдары тізбесіндегі 1 – тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі А. Абдуллаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Есіл ауданы мәслихатының хатшысы

      ___________________ А.Бектасова

      2019 жылғы "____" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады