"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 7, 8 тармақтарына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мағжан Жұмабаев ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжана Жумабаев ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 2 шілдегі № 231қаулысының (2014 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық құқықтық-жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2880 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті
Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі"
мемлекеттік мекеме бастығының міндет атқарушы
________________ Э. Нұрғалиев
2019 жыл "__" _______
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы " __" ________ № ____ қаулысына қосымша |
Мағжан Жұмабаев ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2. Қылмыстың алдын-алу және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен құрылған комиссиясымен қаралады.
3. Қылмыстың алдын-алу және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті Мағжан Жумабаев ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығымен ұсынылады.
4. Көтермелеу төлеу комиссиясы қабылдаған шешіміне сәйкес "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрығы көтермелеу үшін негіз болып табылады.
5. Ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және ол 10-еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
6. Азаматтарды көтермелеу "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті Мағжан Жумабаев ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
7. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат облыстық бюджеттен көзделеді.