"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 14 тамыздағы қорытындысына сәйкес, Атырау облысы Исатай ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша, Забурын ауылдық округі халқының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ХХХV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Атырау облысы Исатай ауданының Забурын ауылдық округі Зинеден ауылдық округі болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Шапкеновке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Сессия төрағасы | А. Сисенов |
Мәслихат хатшысы | Ө. Зинуллин |