Атырау облысы әкімінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 86 және Атырау облыстық мәслихатының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 50-ІІІ "Қазақстан Республикасы азаматтарына Атырау облысы аумағында жеке меншікке тегін берілетін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы" бірлескен шешімінің күштерін жою туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 395-VI шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 272 бірлескен қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 4559 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXХVII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Атырау облысы әкімінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 86 және Атырау облыстық мәслихатының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 50-ІІІ "Қазақстан Республикасы азаматтарына Атырау облысы аумағында жеке меншікке тегін берілетін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы" бірлескен шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1783 болып тіркелген, 2004 жылғы 21 қаңтарда "Атырау" газетінде жарияланған) күштері жойылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі Н. Ногаев
      Сессия төрағасы Г. Садуахасова
      Мәслихат хатшысы У. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады