Атырау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 1414 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 4449 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын және "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағын басшылыққа алып, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Ж. Қаражановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Құттұмұрат-ұлы

  Атырау қалалық әкімдігінің 2019 жылғы "11" шілдедегі № 1414 қаулысына қосымша

Атырау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      2. Осы тәртіп Атырау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

      3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Атырау қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Атырау қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

      5. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеу "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Атырау қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу шаралары "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Атырау қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      9. Ақшалай сыйақының мөлшері көтермеленетін азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар олармен немесе олардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады