Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 13.06.2022 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 26-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).
2. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 09 қазандағы № 285 "Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 1 тiркелген, 2018 жылғы 02 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т. Нүкеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж. Түймебаев |
Қ.Т. Нүкенов | |
Т.Қ. Сәрсембаев | |
А.С. Сәбитов | |
Е.Қ. Тасжүреков | |
Е.Ә. Садыр | |
А.Б. Тасыбаев | |
Ә.Е. Тұрғымбеков |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Түркістан облысы
бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Ә.О. Дүйсебаев
2018 жылғы " " қараша
"Түркістан облысы полиция
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Қ.С. Дәлбеков
2018 жылғы " " қараша