Түркістан облысы Түркістан қаласы Ә.Темір көшесі мен Б.Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап Тәуке хан даңғылымен Н.Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықтағы көшені Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп атау туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 42 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 36/371-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 4946 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Түркістан қаласы Ә. Темір көшесі мен Б. Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап Тәуке хан даңғылымен Н. Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықтағы көше Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп аталсын.

      2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Н. Отарбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы, хатшысы Қ. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады