Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 27.02.2020 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 57 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4986 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері" қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғанынан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
Қ.Қ. Айтмұхаметов | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Ж.Е. Аманбаев | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
"Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі №57 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "___"_____________№_____ қаулысына
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "22" сәуірдегі № 57 қаулысына қосымша |
|
Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "13" қарашадағы № 258 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас | 10 000 | 129 231 | 1 292 310,0 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас | 20 000 | 2 000 | 40 000,0 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 2 663 | 266 300,0 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 4 000 | 599 958,8 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | бас | 225 000 | 2 916 | 656 164,1 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | ||||
1.1 | Бір жынысты | доза | 10 000 | 250 | 2 498,3 |
1.2 | Қос жынысты | доза | 5 000 | 750 | 3 749,6 |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
2.1 | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | бас | 150 000 | 612 | 91 800,0 |
2,2 | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген | бас | 225 000 | 33 | 7 425,0 |
3. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 135 | 13 500,0 |
4. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | бас | 5 000 | 30 000 | 150 000,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас | 40 000 | 1 573 | 62 920,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | бас | 1 000 | 106 000 | 106 000,0 |
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
2.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас | 2 500 | 120 800 | 302 000,0 |
2.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | бас | 1 500 | 600 663 | 900 994,5 |
3. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | бас | 8 000 | 16 274 | 130 192,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 30 | 3 000,0 |
Балара шаруашылығы | |||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы | 5 000 | 7 500 | 37 500,0 |
Барлығы | 4 666 312,3 | ||||
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тонна | 200 | 5 166,1 | 1 033 222,8 |
2. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | тонна | 200 | 3 228,6 | 645 720,0 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 35 | 7 503 | 262 605,0 |
1.2 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 10 | 9 015,06 | 90 150,6 |
1.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | тонна | 10 | 13 841,7 | 138 416,6 |
2. | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | 120 000 | 2 369 | 284 280,0 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
1.1 | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | тонна | 50 | 2 200 | 110 000,0 |
1.2 | күрке тауық етін өндіру құнын арзандату | тонна | 200 | 6743,4 | 1 348 683,0 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1.1 | 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2,7 | 11 507,2 | 31 069,4 |
1.2 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2,2 | 45 522,1 | 100 148,6 |
1.3 | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2 | 16 327,1 | 32 654,17 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Қозы өткізу құнын арзандату | бас | 3 000 | 19 055 | 57 165,0 |
2. | Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату | ||||
2.1 | сапасы 60-тан басталатын жүн | тонна | 150 | 89,2 | 13 386,7 |
2.2 | сапасы 50-ден басталатын жүн | тонна | 100 | 2,9 | 292,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | тонна | 60 | 1 691,5 | 101 491,9 |
Түйе шаруашылығы | |||||
1. | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | тонна | 55 | 1 534,6 | 84 401,9 |
Барлығы | 4 333 687,7 |