Монтайтас ауылдық округіндегі елді мекеніндегі атаусыз көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігі Монтайтас ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 9 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 наурызда № 4929 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы қорытындысы негізінде Монтайтас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Монтайтас ауылдық округі Қожатоғай елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – Жастар атауы;

      2) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 2 көшеге – Болашақ атауы;

      3) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 3 көшеге – Нұрлыжол атауы;

      4) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 4 көшеге – Шапағат атауы;

      5) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 5 көшеге – Керегетас атауы;

      6) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 6 көшеге – Шаңырақ атауы;

      7) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 7 көшеге – Бейбітшілік атауы;

      8) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 8 көшеге – Бәйтерек атауы;

      9) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 9 көшеге – Игілік атауы;

      10) Монтайтас ауылындағы атауы жоқ № 10 көшеге – Татулық атауы.

      2. "Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiпте:

      1) осы шешiмнiң аумақтық әдiлет органында мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы әкiм шешiмi мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiн қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тiлдерiнде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейiн осы шешiмдi Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсiн.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Монтайтас ауылдық округі әкімі Т. Байекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады