Ордабасы аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 24 мамырдағы № 261 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет Департаментiнде 2019 жылғы 24 мамырда № 5070 болып тiркелдi

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140 бабының 2-тармағына сәйкес Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны мемлеке ттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы републикаылқ мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Қ.Жолдыбай

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы " 24 " мамыр
№ 261 қаулысына қосымша

Аудандық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері

      1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.

      2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорының дамуына жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады