Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 19 маусымдағы № 312 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет Департаментiнде 2019 жылғы 24 маусымда № 5091 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ордабасы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Ордабасы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Ордабасы ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Түркістан облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Абдикуловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Жолдыбай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түркістан облысы полиция

      департаменті Ордабасы аудандық

      полиция бөлімі" бастығы Б. Селтанов

      "19" маусым 2019 жыл

  Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы "19" маусымдағы
№ 312 қаулысына 1-қосымша

Ордабасы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі

      1. Осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі Ордабасы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығымен бекітілген бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерiне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген) жүзеге асырылады.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн аудан әкімдігі құратын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Түркістан облысының полиция департаментi Ордабасы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – полиция бөлімі) енгiзедi.

      5. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсене қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) Ордабасы ауданының құрмет грамотасы;

      2) ақшалай сыйақы;

      3) құнды сыйлық.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

      9. Полиция бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      10. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Түркістан облысының полиция департаменті "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

      11. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Ордабасы ауданының құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

  Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы "19" маусымдағы
№ 312 қаулысына 2-қосымша

Ордабасы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      2. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады