Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 41/199-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 3 мамырда № 5021 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/266-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 56/266-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Отырар аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Отырар аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Байтұрсын
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Манапов

  Отырар аудандық мәслихатының
2019 жылғы 30 сәуірдегі
№ 41/199-VI шешімімен
бекітілген

Отырар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының (одан әрі – Заң) 10 бабына сәйкес әзірленіп, Отырар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.

      2. Заңдарда жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы Отырар ауданының әкімдігіне өтiнiш берiледi.

      Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.

      Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Отырар ауданының әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      5. Отырар ауданының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4 тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (сөз – процедуралық талаптар жөнінде), ол митинг және тағы басқа өткізуден бас тартуға және бас тарту мазмұнында жауап қайтаруға негіз бола алмайды.

      Мұндай жағдайда Отырар ауданының әкімдігі жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрациялар өткізу бойынша белгіленген тәртіппен берілген барлық өтініштерді қарау шеңберінде Отырар ауданының әкімдігімен оларды ұйымдастырушыларға талқылау және көтерілген мәселелерді қарау үшін баламалы алаңшаларды, яғни шараны өткізетін басқа уақыт пен басқа орынды ұсынылуы мүмкін.

      8. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден жергілікті атқарушы орган бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім қабылданғанда, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тез арада тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар етуге міндетті.

      Шешiмге қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

      Ұйымдастырушылар өз еркімен дайындық шараларын тоқтату бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда (ұйымдастырушылық іс-әрекеттерінің жалғасқан жағдайларды қоса алғанда) әкімдік қалыптасқан жағдайларды және ықтимал тәуекелдерді есепке ала отырып, өз ресми интернет сайтында рұқсат етілмеген акцияларда қатысу жауапкершілігін ескере отырып, митинг жүргізуге бас тарту туралы, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылар тарапынан заңсыз митингтерге және сондай сияқты іс-шараларға шақырулар орналасқан барлық ресурстарда ақпаратты орналастыру тиісті.

      9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Отырар ауданының әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      6) жиналыс, митингілер, шерулер, пикетер мен демонстарцияларға алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына;

      7) алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып жүруге;

      8) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің ар-намысына тиетін немесе әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын кемсітетін транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) дайындауға және қолдануға;

      9) жиналыс, митингі, шеру, пикет және демонстарция өтетін орында: алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға тыйым салынады.

      10) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

      Уәкiлдер (ұйымдастырушылар) көзделген нормаларды бұзған жағдайда заңда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.

      12. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ азаматтар осы Заңмен белгiленген тәртiптi сақтап өткiзiлетiн жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, пикеттерге және демонстрацияларға кедергi жасауға құқылы емес.

      13. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Отырар ауданының әкімдігі бұларды өткiзуге тыйым салады.

      Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

      14. Отырар ауданында жиналыстар, митингілер өткізу орны болып "Шәміл-Дүр" жастар саябағы белгіленсін.

      15. Отырар ауданының әкімдігімен белгіленген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары видео бақылау камераларымен, сонымен қатар мобильды бейне жазба кешендерімен, орындықтармен, жарықпен және күл–қоқыс салатын жәшіктермен жабдықталады.

      Отырар ауданының әкімдігі бұл аумақтардың жиналуын және тазалығын қамтамасыз ету міндетті.

      16. Отырар ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруттары болып Шәуілдір ауылы Жібек жолы даңғылының "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі" саябағы тұсынан Қ.Сәтбаев көшесінің қиылысы аралығы белгіленсін.

      17. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандырулар қышқыруға рұқсат етіледі.

      18. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерту белгіленген тәртіппен Отырар ауданы әкімдігінен рұқсат алу талап етіледі.

      19. Отырар ауданының әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.

      20. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде осы Заңның 4, 5 және 7-баптарында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Отырар ауданының әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз тоқтатылуға тиіс.

      Отырар ауданының әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

      Жиналыстар, митинг, шерулер, пикет және демонстрациялар кезіндегі күштер жолын кесу немесе әкімшілік істі қозғау туралы мәселесі акция мақсатына байланысты қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке елеулі түрде ықпал етуі мүмкін немесе әсер еткен жағдай болған кезде ғана қойылады, сондай-ақ бір немесе мына жағдайларда:

      1) бұзушылық анық және өрескел болып табылған жағдайда;

      2) әкімшілік жауапкершілікке тарту профилактикалық әсерге әкеліп соғатынына жоғары мүмкіндік болған кезде;

      3) ұйымдастырушы болып табылатын тұлға жоғары тәуекелге алып келеді және де оған әкімшілік қамау қолдануды талап етеді.

      Басқа жағдайларда жиналыстар, митинг, шерулер, пикет және демонстрация кезінде күштер жолын кесуден және жауапкершілікке тартуды барынша бас тарту, жағдайдың мониторингімен шектеліп және түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

      21. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңдарда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.

      Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

      22. Жиналыстар мен митингiлердi ұйымдастырудың және өткiзудiң Заңмен белгiленген тәртiбi еңбек ұжымдарының және қоғамдық бiрлестiктердiң заңдарға, өздерiнiң жарғылары мен ережелерiне сәйкес жабық үй-жайларда өткiзiлетiн жиналыстарына қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады