Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 39-249/VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 26 сәуірде № 5000 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 58-361/VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 03.12.2020 № 58-361/VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 503 бабына, 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 1, 3 тармақтарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемері және біріңғай жер салығының мөлшерлемесі он есе арттырылсын.

      2. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Ф. Аликулов
      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін
      уақытша атқарушы М. Есалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады