Сайрам аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 201 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 4 мамырда № 5029 болып тiркелдi

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайрам аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Оразалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі Б. Мамаев

  Сайрам ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "30" сәуірдегі
№ 201 қаулысына қосымша

Сайрам аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі

      1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.

      2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорының дамуына жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады