Көшелерге қайта атау беру және атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 182 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 16 тамызда № 5167 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы және Түркістан облысы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы қорытындылары негізінде Ақсукент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақсукент ауылдық округінің Ақсу елді мекеніндегі көшелерге қайта атаулар берілсін:

      1) Зеленая көшеге - Самал атауы;

      2) Геологическая көшеге - Кеншілер атауы;

      3) Интернациональная көшеге – Бірлік атауы.

      4) Геофизическая көшеге - Бәйшешек атауы;

      5) Энергетик көшеге - Теміржолшылар атауы;

      6) Котовский көшеге - Бейбітшілік атауы;

      7) Дачная көшеге - Саяжай атауы;

      8) Заречная көшеге - Балдырған атауы;

      9) Туристов көшеге - Саяхат атауы;

      10) Новая көшеге - Егемен атауы;

      11) Қарабұлақ тас жолы даңғылына - Астана даңғылы атауы.

      2. Ақсукент ауылдық округінің Ақсу елді мекенінде орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Дала көшесі атауы берілсін.

      3. "Сайрам ауданының Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ақсукент ауылдық
      округінің әкімі М. Мұратбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады