Киелітас ауылдық округіндегі елді мекендердегі көшелерге атау беру және қайта атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 2019 жылғы 5 ақпандағы № 5 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 14 ақпанда № 4907 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14- бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 10 қазандағы Түркістан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Киелітас ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Киелітас ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар берілсін:

      1) Киелітас ауылдық округіне қарасты, Ақайдар елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге "Наурызым", "Дәстүр", "Аманат", "Тұмар", "Жас дәурен" атаулары;

      2) Киелітас ауылдық округіне қарасты, Достық елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге "Нұрлы", "Шапағат" атаулары;

      3) Киелітас ауылдық округіне қарасты Сұлтанрабат елді мекенінде орналасқан атауы жоқ көшелерге "Күншуақ", "Жас қыран", "Мейірім", "Нұрлы жол", "Сұңқар", "Арай", "Ықылас", "Береке" атаулары;

      4) Киелітас ауылдық округіне қарасты Киелітас елді мекенінде орналасқан атауы жоқ көшелерге "Мәңгілік ел", "Тұран", "Қазына" атаулары;

      2. Киелітас ауылдық округіндегі елді мекендердегі атауы ауысатын көшелер келесі атауларға өзгертілсін:

      1) Киелітас ауылдық округіне қарасты Ақайдар елді мекенінде орналасқан "Ақорда" көшесінің атауын "Бейбарыс сұлтан", "Бадам" көшесінің атауын "Алаш" атауларына;

      2) Киелітас ауылдық округіне қарасты Сұлтанрабат елді мекенінде орналасқан "Шалпая" көшесінің атауын "Көктем", "Гулистан" көшесінің атауын "Гүлстан", "Қаражол" көшесінің атауын "Сауран атауларына;

      3. "Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркеуге тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімінің орынбасары Н. Садықбековке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Киелітас ауылдық
      округінің әкімі П. Туребеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады